info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Таңның сиқыры «Cofee City Italiano»-да

Жаңалықтар
18.10.2023

Овезов Сердар Жұмагелдіұлы ашқан «Cofee City Italiano» кофеханасы 2022 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. Бұл достар мен жақындардың ортасында демалуға, сондай-ақ жұмыс пен сабақ оқуға арналған тамаша орын.

«Cofee City Italiano» кофеханасында дәмді таңғы ас, салаттар, ыстық тағамдар мен хош иісті кофенің кең ассортименті бар. Эспрессо, американо, капучино, латте, классикалық раф, бал рафы, ice latte, flat white және кофе негізінде жасалынған коктейльдер ұсынады. Кофехананың маңызды компоненті – тағамның әрдайым өзгермейтін жоғары сапасы, жаңа піскен тағам, керемет дәмді тағамдар және қол жетімді бағамен үйлесетін мінсіз қызмет болып қала береді. Дәмді түскі ас дастарханын жаю үшін кофехана өз клиенттеріне жеткізу қызметін де ұсынады.

Жоспарын жүзеге асыру үшін кәсіпкер « Ақтау қаласындағы «ForteBank» филиалынан 36 ай мерзімге 23%-бен несие алып, «Ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында 17%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады. Айырмасын өзі төлейді.

Кофехана қызметкерлері барлық клиенттеріне ерекше ықылас танытып, мінсіз қызмет көрсетеді.

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 5а шағын аудан, 4 үй

Байланыс: +7 (777) 311 17 17

Инстаграм: @coffeecity_italiano_aktau