info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Отбасылық кәсіпте ең бастысы – бірлік

Жаңалықтар
26.10.2023

Отбасылық бизнесті дамыту – кәсіпкерлікті дамытудағы табысты формалардың бірі.

Атыраулық Айсәуле Оразова да 2006 жылы күйеуінің қолдауымен жеке кәсіп ашуға бел буды. Мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысу ерлі-зайыптыларға сауда, жиһаз өндірісі, көлік қызметі сияқты бірнеше бағытта кәсіп ашуға мүмкіндік берді.

«Көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, Айсәуле бұрын кәсіби аспаз болғандықтан, бұл салада тәжірибесі мол. Бұл жетістікпен тоқтап қалмай, кондитерлік цех ашуды жөн көрді.

Оның бұл талабын «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдап, жылына 21,75%-бен несие берді. «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» бағдарламасының 2-ші бағыты аясында оның субсидияланатын бөлігі 13,75% құрады, ал 8% айырманы кәсіпкер төлейді. Қордың кепілдігі несие сомасының 50 пайызын құрады.

Алдағы уақытта «Оразова А» ЖК серіктестігі өндірісті кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Атырау облысы, Атырау қаласы, Крупская к-сі, 24

+7 775 769 24 75