info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Павлодарлық «Мир Хлеба» ЖК компаниясы мемлекеттік қолдаудың көмегімен өндірісті жаңартты

Жаңалықтар
30.11.2023

«Мен үшін үй, үйдегі жайлылық нанмен, дәмді шаймен, отбасымен және туыстарымен дастархан басында шүйіркелесу болып елестейді. Сондықтан бизнесті жұбайым Бауыржан екеуміз нан пісіруден бастадық», - дейді «Мир Хлеба» компаниясының басшысы Шолпан Рыспаева.

Отбасы 2015 жылы наубайхана ашып, бастапқыда тандыр мен пита нанын пісірді. Көп ұзамай компания қалыпқа салып нан жаба бастады. Бәрін қолмен істейтіндіктен, көлемі аз болды. Күніне 1,5-2 мың ғана бөлке шығатын.

2020 жылы «Мир Хлеба» ЖК «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында құрал-жабдықтар сатып алды. Өндіріс қуатының артуына байланысты кәсіпкер тәулігіне орта есеппен 10 000 нан шығаруға мүмкіндігі бар.

2023 жылы Павлодар қаласында өнімге сұраныс артуына байланысты кәсіпкер қосымша жабдық сатып алу арқылы өндіріс қуатын екі есеге арттырмақ болды.

Осы мақсатта ол тағы мемлекеттік қолдауды пайдаланды. «Банк Центркредит» берген 130 млн теңге несиені 21,75%-бен алғанмен, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкер қарығын 8%-бен төлейді, 13,75%-ын мемлекет аталған бағдарлама аясында субсидиялайды.

Павлодар қ., Транспортная к-сі, 6 үй

Телефон: + 7 702 871 60 85