info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Ханшайым» білім академиясы

Жаңалықтар
05.12.2023

«Ханшайым» білім академиясы – әр бала өзін еркін сезінетін және өз талантын паш ете алатын жер. Орталық 2020 жылдан бастап жұмыс істейді.

Мұнда 5-тен 7 жасқа дейінгі балаларды мектепке даярлайды, 4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған дамыту топтары, ұзартылған күн тобы, қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары т.б. бар. Білім академиясында әр баланың өз талантын көрсете алатын және бойындағы әлеуетін аша алатын арнайы кеңістік құрылған. Әлеуметтік, эмоционал және интеллектуал машықтарын дамытуға ықпал ететін әртүрлі білім беру бағдарламалары мен сабақтар даярланады.

Оқу орталығы жұмысының негізгі қағидаттарының бірі – әр балаға жеке көзқарас. Жоғары білікті, тәжірибелі кәсіби оқытушылар тобы балаларды жан-жақты қолдайды және шабыттандырады.

«Ханшайым» білім академиясы «Қазақстан Халық Банкінен» инвестиция үшін несие алғанда «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несиесін субсидиялап, 8%-ға дейін түсіріп, «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

«Біз әр баланың ерекше қабілеті мен талантты бар екеніне сенеміз және міндетіміз – оны ашып, дамытуына көмектесу. Біз білім академиямызда әр баланы толыққанды дамыту үшін жағдай жасаймыз және оларды осы жолда қолдаймыз», - дейді компания басшысы Оксана Владимировна Еременко.

Инстаграм: @akademiya znaniy.tdk

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Есетов көшесі, 115

+7 705 396 49 15