info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Нағыз эмоция сыйлайтын орталық

Жаңалықтар
05.12.2023

Ерлі-зайыпты Роман мен Зарина, сондай-ақ олардың бизнестегі серіктесі Сергей бір кездері күш біріктіріп, балалар үшін ерекше орын ашуды ойластырды. Бизнес саласында тәжірибесі бар олар клиент тарту мен жайлы атмосфера жасау үшін не керек екенін біледі.

«Rabbit» ойын-сауық орталығында балалар тамаша уақыт өткізіп, ұмытылмас оқиғалар атмосферасына шомылады. Мұнда түрлі жастағы балаларға арналған: скалодромдар, төбеге көтерілетін баспалдақтар, тоқыма лабиринттер, қаладағы ең үлкен батут аренасы бар. Орталықта жұмыс істейтін тәжірибелі нұсқаушылар балаларды батутта секіру мен трюктердің дұрыс техникасына үйретеді. Сервис пен қауіпсіздік жоғары деңгейде.

Ойын-сауық орталығын жабдықтау үшін «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» қарыз алды. «Даму» Қорының қолдауының арқасында пайыздық мөлшерлеме жылына 6%-ды құрады, айырмасын мемлекет субсидиялады. Кепілдіктік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдігін ұсынды.

Компания мұнымен тоқтап қалмай, үнемі дамып, жаңа ойын-сауық түрлерін қосып отырмақ.

+7 777 311 77 33

Мекенжайы: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, К. Бозтаев көшесі 44/2

Инстаграм: @extreme_rabbit_semey