info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«ЖАР-2013» ЖШС экологияны жақсартуға көмектеседі

Жаңалықтар
11.12.2023

Ұлытау өңірінің негізгі проблемасының бірі – экологиялық жағдай мен қоршаған ортаны қорғау. «ЖАР-2013» ЖШС өңірдің осы мәселесін түбегейлі шешпесе де, едәуір жақсартуға көмектесіп келе жатқан компания.

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын 2017 жылдың сәуір айында тіркелген. Директоры – Мекебаев Руслан Шәріпжанұлы.

Компания өндіріс қуатын арттыру мақсатында несие алып, пресс пен автомобиль таразыларын сатып алуға шешім қабылдады. «Банк ЦентрКредиттен» алған қарыз мөлшерлемесін «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында «Даму» Қоры субсидиялап, кепілдік ұсынды.

«ЖАР-2013» ЖШС Жезқазған және Сәтбаев қаласындағы сауда орындары аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған арнайы контейнерлер орнатқан. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысқанға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және пресске жіберуінің қуаты 25 тонна болса, қолдаудан кейін қуаты 150 тоннаға дейін өсті.

Компания жер учаскесін меншікке сатып алуды және өз бизнесін дамытуды жоспарлап отыр.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ.

tel: +77711933823, +77477958592