info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шығыс Қазақстанда «Гуманитарлық-техникалық колледж» мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
19.12.2023

«Гуманитарлық-техникалық колледж» ЖШС 2002 жылдың ақпан айында құрылды. Компания электр және электромеханикалық жабдықтарды, сондай-ақ тау-кен электромеханикалық жабдықтарын техникалық пайдалану, оларға қызмет көрсету және жөндеу, пайдалы қазбаларды байыту, жерасты құрылыстарын салу, жерасты игеру, пайдалы қазбалар кен орындарын, есеп және аудит, экономика, бағалау, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, аударма ісі, іс жүргізу және мұрағаттану, техникалық пайдалану, автомобиль көлігіне қызмет көрсету және жөндеу, дизайн және профильдер, тамақ өнімдерін өндіруді ұйымдастыру технологиясы, дене шынықтыру және спорт секілді 18 бағытта маман даярлайды.

Коледждің 2 160,3 ш.м. оқу корпусы мен жатақхана, 2 қабаттан тұратын колледж ғимараты және ауданы 2 526,9 ш.м болатын әкімшілік-оқу корпусының ғимараты бар. Күндізгі және сырттай оқу мерзімі: 9 сыныптан кейін – 3 жыл, 11 сыныптанк ейін – 2 жыл 10 ай, ал сырттай 3 жылдан 4 жылға дейін. Қазір колледжде 750 студент білім алып жатыр. Колледж жанында 167 оқушысы бар мектеп-гимназия да жұмыс істеп тұр. Бұл – мектеп аудандағы толық күн, төрт реттік тамақтану және қосымша үйірмелер мен секциялар ұсынатын жалғыз мектеп.

Компания «Қазақстан Халық Банкінен» инвестиция үшін 19,5%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиені кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Гуманитарлық-техникалық колледж «KAZ Minerals Service» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС, «ВостокШахстрой» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС сияқты ірі компанияларға, сондай-ақ облыстың мемлекеттік мекемелеріне мамандар даярлайды.

+7 777 137 40 46

ШҚО, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, 3 шағынауданы, 7 үй.