info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

GT оil Service компаниясының қызметтері жоғары, сапалы және жылдам

Жаңалықтар
21.12.2023

«GT oil service» ЖШС 2016 жылдың қаңтарында Алматы қаласында құрылды. Жұмысын көлік майы, салқындату өнімдерін бөлшек саудалау және автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуден бастады. Қаладағы «Car City» сауда орталығында алғашқы дүкенін ашты. Кейін Алматының түкпір-түкпірінде сауда нүктелері бар май алмастыру бекеттерін ашты.

Компания Wolf, Kendall, Phillips 66, Polo, Conoco брендтерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы. Жұмыс басталғалы тоғыз дүкен мен май алмастыру пункті ашылды.

«Біздің компанияның басты құндылығы - мінсіз сапа және тұтынушыларға жоғары деңгейде көрсетілетін қызмет» , - дейді серіктестіктің бас директоры Жанат Жұмабайұлы Сабдалинов. Компания тұтынушыларымен жақсы қарым-қатынасты жоғары бағалайды, сақтайды және әрқашан бизнесті одан әрі дамытуға тырысады.

Серіктестік басшысы Сабдалинов Жанат Жұмабайұлы өнім түрлерін көбейтуді жоспарлағанде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы көмектесті. «ForteBank» АҚ арқылы 14%-бен алған несиеніің 8%-ын аталған бағдарлама аясында Қор өтейді. Қаражат айналымдағы капиталды толықтыруға жұмсалды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында компания өз қызметтерін айтарлықтай кеңейтті. Жоба аясында бұрыннан бар жұмыс орындары сақталып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Инстаграм: @gtoilservicekz

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Тлендиев к-сі, 377а

Байланыс телефондары : +77787770753