info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жаңа көлік - жаңа өмір

Жаңалықтар
21.12.2023

Автокөлікке әрқашан сұраныс бар. Дағдарыс кезінде де адамдар көлік сатып алады. Автокөлік нарығы мезгіл-мезгіл биіктеу мен құлдырауды бастан кешіріп отырады, бірақ кез-келген уақытта автокөлік бизнесі тиімді болып қала береді. Ең жақсы нұсқа – бәсекелестік деңгейі минимумға дейін азайтылған аймақ.

Қызметін 2004 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Shym Auto» ЖШС да өңірде өз автосалонын ашумен айналысты. Жетекшісі - Миркамилов Мирзафар Мирхамидович. Негізгі қызмет - автомобильдер мен жеңіл автокөліктерді бөлшек саудада сату.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында кәсіпкер «Еуразиялық Банк» АҚ-ға несие алу үшін жүгінді.

Бизнес-жоба «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында мақұлданып, 716 196 000 теңгені 84 айға алды.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19%-құрады, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал 13%-ын мемлекет субсидиялайды.

Қаражат Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, №3 өндірістік аймақ, №5, 5/2 уч. мекенжайы бойынша коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалды.

Автосалонда KIA және Lada сияқты үлгідегі бірқатар автомобильдер сатылады.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, №3 өндірістік аймақ, №5, 5/2 уч.

тел.: +7 (771) 395 77 22, +7 (771) 395 99 22