info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Орал қаласындағы цифрлық зертхана мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
26.12.2023

Тіс-техника зертханасы – тіс протездеу кезіндегі ең маңызды орындардың бірі. Өйткені жасанды тістер осында жасалады. Ондағы мамандар бойына мүсіншінің көркемдік шеберлігі мен зергердің дәлдігін жиған. Емдеудің барлық кезеңіне қатысады және мінсіз пішін мен реңктегі конструкциялар дайындайды. Микронға дейінгі сапа мен дәлдік – тіс техниктерінің жұмысының негізі.

«WEST DENTAL LAB» тіс техникалық зертханасы 2021 жылдан бастап жұмыс істейді және алынып-салынатын, және тұрақты ортопедиялық протездердің барлық түрін жасайды. Зертхана еуропалық заманауи жабдықтармен және ivoclar vivadent неміс концернінің материалдарымен жабдықталған. Бірнеше рет оқу орталықтарында біліктілік арттырудан өткен жоғары деңгейлі тіс техниктары жұмыс істейді. Зертхана Орал және Ақсай қалаларындағы 20-ға жуық стоматологиялық клиникаға қызмет көрсетеді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания «Bereke Bank» АҚ-дан жылына 14,75%-бен жабдық сатып алу үшін қаражат алды. Оның 8,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, сондай-ақ кепілдік жетіспейтін сомасына Қор өз кепілдігін берді.

БҚО, Орал қаласы

Телефон: +7 702 799 79 75 

Instagram: @west_dental_lab