info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жезқазған қаласындағы ерекше жер – «MEDINA» мейрамханасы

Жаңалықтар
27.12.2023

Жаңа жыл қарсаңында Жезқазған қаласында «MEDINA» мейрамханасы өз қонақтарына есік ашты. Мейрамхананың иесі – Ақбота Оразалықызы Беркіншеева.

ЖК «Беркіншеева А.О» 2018 жылы құрылды. Компания негізінен әйелдер киімі, аяқ киім және аксессуарларды бөлшек сатумен айналысады. Кейіннен қосымша бизнес түрі – қоғамдық тамақтандыру қызметімен айналысуға шешім қабылданды.

Жер учаскесі ғимарат сатып алу мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында несиені ішінара субсидиялап, кепілдік беру арқылы қолдады.

«MEDINA» мейрамханасы дәмді тағамдарды ғана емес, сонымен қатар жағымды атмосфераны сүйетіндер үшін ең сүйікті орын болатыны сөзсіз. Интерьерге қосымша әсер беретін – әйнектегі сарқырамасымен ерекше. «MEDINA» мейрамханасы – қайта-қайта оралғыңыз келетін ерекше орын.

Жезказған қ., Абай көш., 87/1

Тел.:+7 702 515 26 24