info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Облыста мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпкерлер саны артып келеді

Жаңалықтар
28.12.2023

Қызылорда облысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау алып және өз кәсібін дамытып келе жатқан кәсіпкерлер саны күн сайын артып келеді. Солардың бірі - кәсіпкер Акмарал Тәңірбергенова. Ол кәсіпкерлік қызметін жұбайымен бірлесе отырып, металл есіктер шығаратын цех ашудан бастаған. Мұнымен тоқтап қалмай, ерлі-зайыптылар «Bal Sheker» наубайханасын қолға алды. Мұнда кондитерлік өнімдердің көптеген түрлері пісіріледі.

2022 жылы ол банктен несие алып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидия және кепілдік беру құралдары бойынша Қордан мемлекеттік қолдау алды. Несие қаражаты нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын ғимарат алуға жұмсалды.

Кәсіпкердің мақсаты – өз кәсібін дамыту, тұрақты тұтынушыларын қалыптастыру, оларды қол жетімді бағадағы ерекше тәттілермен қуанту.

Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Зеленая к-сі, 51 үй.
тел: +7 7715247627

Инстаграм: @bal_sheker_kzo