info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Клиенттерге сапалы және адал қызмет»

Жаңалықтар
27.12.2023

Жүкті автомобильмен тасымалдауға сұраныс көбінесе елдегі өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы мен құрылымы, сондай-ақ экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем қабілеттілігін айқындайды. Экономика мен тасымалдау бір-біріне өзара әсер ететінін де ескеру қажет. Экономиканың дамуы тасымалдың артуына, ал тасымалдау қызметтерінің жоғары деңгейі өңірдегі инвестиция деңгейіне және экономиканың өсу қарқынына пайдалы әсер етеді.

Кәсіпкер Искалиев Тимур 2018 жылдан бастап жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетіп келеді.

Кәсіпкердің соңғы рет жартылай тіркемемен бірге Iveco маркалы тракторды сатып алу қажет болғанда қолдау сұрап «Даму» қоры» АҚ Ақтөбе филиалына жүгінді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкінен» алған 21,75%-дық несиені кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырманы «Даму» қоры субсидиялайды.

Несие қаражаты инвестициялық мақсатқа жұмсалды.

Тимур Искалиев техника паркін екі есеге арттырып, штатты көбейтуді жоспарлап отыр. Кәсіпкердің ұраны – «Клиенттерге сапалы және адал қызмет».

+7 707 555 91 90