info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шырындар мен сүт өнімдерінің жетекші өндірушісі Raimbek FMCG

Жаңалықтар
04.01.2024

Raimbek FMCG компаниялар тобы Қазақстан нарығында 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Топ құрамына «Pure Pack» ЖШС және «Raimbek-Agro» ЖШС өндірістік компаниялары кіреді. 

«Pure Pack» ЖШС және «Raimbek-Agro» ЖШС – шырындар мен сүт өнімдерінің жетекші өндірушісі. Компаниялар тобы танымал бренд – Palma, Juicy шырындарын және Айналайын, Милоко, Буренкино сүтін шығарады. 

Жоғары технологиялық жабдық (Tetra Pak жабдығы) пен өндірісте пайдаланылатын сапалы шикізаттың арқасында компаниялар жоғары сапалы өнім шығарады. 

Оны тек Қазақстан нарығына ұсынып қоймай, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолияға экспорттап жатыр.

 2021 жылы компаниялар тобы айналым қаражатын толықтыруға несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдар5а арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау алды.

 Бұл өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. 

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Калинин көшесі, 12

Тел.: +7 727 330-46-15

Пошта: office@raimbek.com