info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы кәсіпорындарды зерттеу жобасы

Жаңалықтар
08.01.2024

Дүниежүзілік банк Қазақстанда бизнес жүргізуге жасалған жағдайды бағалау үшін Enterprise Surveys деп аталатын жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл – Дүниежүзілік банктің ЕҚДБ және Еуропа инвестициялық банкпен бірлескен жобасы. Ол бизнес-ортаны және оның тұрақты дамуға дайындығын бағалайды. Қазір жоба жаһандық ауқымға ие. 

Дүниежүзілік банк ACT Kazakhstan (Analysis and Consulting Team Kazakhstan) халықаралық зерттеу компаниясына Қазақстандағы бизнес жүргізуге жасалған жағдайларды зерттеуді тапсырды. Бұл зерттеу жұмыстарды 2023 жылғы желтоқсан мен 2024 жылғы тамыз аралығында жүргізілмек. Зерттеу барысында Қазақстанда кездейсоқ таңдалған 1000-ға жуық кәсіпорыннан сұхбат алынады. Сұхбат барысында айтылған ақпарат пен пікірлер құпия және жасырын қалады. Респонденттердің есімдері мен компаниялардың атаулары осы зерттеу негізінде жасалған бір де бір құжатта қолданылмайды. 

Бұл зерттеуді Қазақстанда жүргізу ел инвестиция тартуға, бизнесті дамытуға және өзінің экономикалық жағдайын жақсартуға қаншалықты дайын екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері елдегі бизнес ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар мен стратегияларды әзірлеуге негіз бола алады. Өйткені бұл жеке сектор компанияларының тәжірибесі туралы түсінікті қалыптастырады. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Қазақстан кәсіпорындарынан барынша көмек көрсетуді және осы зерттеуге қатысуды сұрайды. Зерттеу нәтижелері ел мен оның экономикасы үшін пайдалы болатынына сенімдіміз. Бұл зерттеу елдегі бизнес ортаны бағалауға, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және оны жақсарту шараларын әзірлеуге көмектеседі. 

Жоспарланған зерттеу аясында сұрақтар туындаған жағдайда «Даму» Қорына жүгіне аласыз.