info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында жаңа техникалық қызмет көрсету станциясы ашылды

Жаңалықтар
09.01.2024

Тараздық Марат Сланов 2017 жылы ЖК «Марат» тіркеп, автокөлік бөлшектерін сатуға кірісіп, бизнес бастады.

2021 жылы жинаған қаражатына Тараз қаласында жер учаскесін сатып алып, техникалық қызмет көрсету және көлік жуу станциясы үшін ғимарат құрылысын бастады. Дегенмен, жобаның қымбаттауына байланысты кешен құрылысын аяқтауға қаржы жеткіліксіз болып, несие қажет болды.

Осыған байланысты Марат Сланов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облыстық филиалына жүгініп, қор менеджерлерінен кеңес алды.

Кәсіпкер «ForteBank»-тен алған несиесін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидиялап, сыйақы мөлшерлемесін 8 пайызға дейін түсірді.

Қаражат алған соң кәсіпкер ТЖО құрылысын аяқтап, бизнес-жобасын сәтті жүзеге асырды. Қазір қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал.

Тараз қаласы, С. Нұрмағанбетов көшесі 12/1

+7701-360-00-26

Instagram: @winkod_taraz