info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Ұлы дала» көтерме-тарату орталығы

Жаңалықтар
09.01.2024

«Ұлы дала» ЖШС 2019 жылы Жезқазған қаласында көтерме сауда орталығын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл өңірді жаңа, қымбат емес азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2000 шаршы метр сауда орын тепкен «Ұлы дала»көтерме сауда орталығы – заманауи инфрақұрылымды пайдалана отырып, өңдеу, бастапқы өңдеу, буып-түю және тиісті сақтау процестерін ұйымдастыру арқылы өнімнің жекелеген түрлерін қабылдайтын, өткізетін және қайта тарататын сауда қоймасы. Өнімдер тұтынушыларға «Ұлы дала» дүкендер желісі арқылы жеткізіледі.

Көтерме сауда орталығын құру оңай шаруа емес. Бірақ компания «Қазақстан Халық Банкі» арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік алды.

«Ұлы дала» көтерме сауда орталығының ауданы 2,5 мың шаршы метр. Логистикалық оператор тоңазытқыш камералары мен жүк сөрелері бар толыққанды инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Бұл азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Жылдық тауар көлемі 14 мың тоннаға жетеді, оның 350 тоннасы ет.

2023 жылы «Алтын сапа» сыйлығын табыстау рәсімі аясында «Ұлы дала»ЖШС-не «Іскер» сыйлығы тапсырылды.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Холмецкого көшесі, 602 ғимарат