info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Arnau Agro өсірген алмалар

Жаңалықтар
17.01.2024

«ARNAU AGRO» өсіріп жатқан алма бақ экологиясы таза жер – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жайқалып тұр. Компания мұнда 2018-2021 жылдар аралығында Голландия мен Италияның үздік питомниктерінен сатып әкелген 350 000 көшет отырғызған. 

Gala, Delcorf Diana, Red Jonaprince, Jinagold Boerekamp, Golden Delicious, Fuji Kiku Fubrax, Red Delisioc, Granny Smith секілді сирек сұрыпты алмақ бақтың жалпы ауданы 75,3 га. Арнайы ангарда орналасқан сорғы станциясы мен 105м х 95м су жинайтын қоймасы, 5 000 тонна өнім сыятын жеке жеміс қоймасы бар. Италияда жасалған тоңазытқыш жабдықтар орнатылған. 

Қоймадағы климатты арнайы газбен реттеп тұратын инновациялық технология жемістердің бұтақтан жаңа жұлынғандай болып тұратын түрін ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Ылғалдың қажетті деңгейін, температура көрсеткіштерін, ауадағы оттегі мен азоттың шоғырлануын тиісті деңгейде сақтап, жемістерді салқындатылған күйде сақтау – ең сенімді және кең таралған тәсіл. 

Себебі өнімді жинап алған соң да жемістер мен көкөністер тіршілігін жалғастырады. Олар тыныс алады және оттегіні көмірқышқыл газына айналдырады. Қоймадағы оттегінің азаюы жемістердің тыныс алуын шектеп, ерте бұзылмауына көмектеседі. Сондықтан көмірқышқыл газының деңгейі қатаң бақыланады. 

2022 жылы компания «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында инвестицияға несие алып, «Даму» Қоры ол несиенің сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялады. Бұл – компания қызметін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. 

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота а/о

Сайт: arnauagro.kz  

Тел.: +7 (727) 272-52-37, +7 (702) 888-80-19