info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Өнер туындысындай торт жасайтын кондитер

Жаңалықтар
12.01.2024

Кондитерлік өнімдер – көптеген мерекелердің міндетті атрибуты, сонымен қатар айналаңыздағыларды мадақтау, марапаттау немесе еркелету тәсілі. Сондықтан кондитерлік бизнестің белсенді дамуға барлық мүмкіндігі бар.

Ғалымжан Индира Бауыржанқызы – жұмыс өтілі зор және тұрақты клиенттер жинаған тәжірибелі кондитер. Ол кәсіпкерлік қызметін 2015 жылы бастады. Индира тоқаш, пирог пісіріп, үйге жақын дүкендер арқылы сататын, тапсырыс қабылдайтын. 2017 жылы ол түрлі іс-шараларға тапсырыс қабылдай бастады. Шай үстеліне арналған ұсақ кондитерлік өнімдер мен үйлену тойының торттарын дайындады. 2021 жылы ол жеке кәсіпкер ретінде ресми түрде тіркелді, кондитерлік өнімдер шығарумен қатар, үй-жайды жалға алып, шеберлік сабақтарын өткізіп, кондитерлерді оқыта бастады.

Индираның бизнесін бірге дамытып жүрген жұбайы Әнуарбек Ғалымжан да Мәскеуде осы салада оқып келген. Ерлі-зайыптылар бірегей өнімдерін (әр түрлі салмасы бар круассандар) шығара бастады. Ал 2023 жылы өндіріске үй-жай сатып алу туралы шешім қабылдайды. Жопсар бойынша шеберлік сабақтары сонда өтіп, кондитерлік өнімдер де сол жерде дайындалуы керек.

«Индира торттары» ЖК қаржы алу үшін «First Heartland Jusan Bank»-ке жүгініп, жылына 21,75%-бен қарыз алды. Оның 13,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, қалған 8%-ын кәсіпкер төлейді.

Сондай-ақ, Индира Қазақстандағы Kenwood және Delonghi сияқты ірі брендтердің ресми өкілі.

Instagram: @Bakingstudio_ast

+7 708 190 31 12

Астана қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 4