info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Қ.Қ.Қ. стиліндегі билер»

Жаңалықтар
18.01.2024

«ҚҚҚадырбекова би студиясы» ЖК Орал қаласында 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейді. Студияның бірнеше филиалы бар. Қазір бұл филиалдар жалға алған ғимаратта жұмыс істейді. Орталықты ашқан Қадырбекова Қарылғаш Қадырбекқызы – дипломды маман. 2006 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін хореография мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы сол университетте хореография мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, өнертану және хореография магистрі атанды. 2016 жылы «ҚҚҚадырбекова би студиясы» атты өзінің шағын би студиясын ашты. Бастапқыда небәрі 30 оқушыға Орал қаласының орталығындағы жалға алынған жертөледе би үйретті. Бір жылдан кейін Қарылғаштың алдында 100 бала болды. Қазір 960 шәкірті бар.

Балалар би студиясында хореография ғана емес, сонымен қатар вокал, актерлік шеберлік, домбыра, кескіндеме, каратэден спорттық сабақтар да өтеді, сондай-ақ балаларға қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәндерін оқытатын оқу орталығы бар, логопед қызмет атқарады.

«ҚҚҚадырбекова би студиясы» ЖК дами келе ғимарат сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» жылына 21,5%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік те ұсынды.

«ҚҚҚадырбекова би студиясы» қазір өңірдегі кішкентай тұрғындардың бос уақытын сапалы өткізуді қамтамасыз етуде.

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы

Телефон: +7   777 251 25 82

Instagram: k.k.k.oner.ortalygy