info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

ШҚО-да «Промтехмонтаж» Өскемен басқармасы» ЖШС жобасы қолдау алды

Жаңалықтар
17.01.2024

«Промтехмонтаж» Өскемен басқармасы» ЖШС 2001 жылдың қазан айында тіркелген. Негізінен:

- металл цистерналарды, резервуарлар мен контейнерлерді жөндеу;

- орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын жөндеу;

- орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын жөндеу;

- арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

- құрылыс болат конструкцияларын өндіру;

- болаттан жасалған құбырларды, құбырларды, профильдерді, фитингтерді өндіру;

- өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндірісі;

- Металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі (жөндеусіз);

- металл бұйымдарын жөндеу;

- жүк тасымалымен айналысады

Компанияның Өскемен қаласында орналасқан жер учаскелері, жалпы ауданы 431,5 ш. м. өндірістік базасы, Риддер қаласында орналасқан жалпы ауданы 995,1 ш. м. өндірістік базасы және Өскемен қаласында орналасқан жалпы ауданы 6 535 ш. м. әкімшілік-өндірістік кешені бар. Сондай-ақ өндірісте және электр монтаждау жұмыстарында қолданылатын жабдықтары жеткілікті. Қызметкерлердің саны 200-ден асады.

Негізгі және ірі тапсырыс беруші - Қазақстан аумағында өндірістің үлкен айналымы бар мырыш, қорғасын, мыс және бағалы металдар өндіретін ірі металлургиялық компания – «Казцинк» ЖШС. Компания жұмысының жоғары қарқыны жыл сайынғы жөндеуді жүзеге асыру арқылы зауыт жабдықтарын үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Осыған байланысты «Қазмырыш» сияқты ірі зауыттар бүгінгі таңда «Промтехмонтаж «Өскемен басқармасы» ЖШС ұсынатын барлық жабдықтарға уақтылы қызмет көрсетуді қажет етеді.

Компания «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыруға кредит алды, кредит бойынша мөлшерлеме 21,75% құрады, оның ішінде кәсіпкер 6% төлейді, ал айырмашылықты«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде «Даму» Қоры субсидиялайды.

Негізгі жеткізушілер: «STYNERGY» ЖШС, «ГорСтройБетон» ЖШС, «Казцветметремонт» ЖШС, «Металлсервис Қазақстан» ЖШС, «Бастион Крэйшн» ЖШС, «Уралэнергоцветмет» ЖШС, «ВК-арнайы материалдар» ЖШС.

+7 777 272 68 08

ШҚО, Өскемен қаласы, Шолохов көшесі 68.