info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мұнай өндірісіне қажет жабдықтар Петропавлда өндіріледі

Жаңалықтар
01.02.2024

«ПетроМашЗавод» ЖШС мұнай-газ секторындағы өнеркәсіпті технологиялық мақсаттағы өнімдермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы құрылған.

Компания сағалық мұнай кәсіпшілігіне арналған жабдықтар мен бекіту арматурасын, мұнай және газ кен орындарын, сорғы станцияларын, жауап фланецтерін, бекіту бұйымдарын жайластыруға арналған блоктық жабдықтарды, сондай-ақ сағалық жабдықтарды жеткізу, монтаждау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі сервистік қызметтер саласына жабдықтар өндіреді.

2022 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілері арасында өткен тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингінің «Сапа жұлдызы» нәтижесі бойынша «ПетроМашЗавод» ЖШС тауарлар мен қызметтердің тамаша сапасы үшін «мұнай-газ өңдеу жабдықтарын өндіру» бойынша еліміздің үздік 100 кәсіпорнына кірді.

2023 жылы компания «ДАМУ» Қорының мемлекеттік қолдауын пайдаланып, «Банк «Bank RBK»-дан айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,75% құрады, ал 13% айырманы Қор «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша субсидиялайды.

Петропавл қ-сы, Әуезов к-сі, 264

Тел: +7 (7152) 54-01-34; 54-01-27

Эл.почта post_info@pmz.asia

Желі: https://www.pmz.asia/ru/