info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Taris Holding group» ЖШС сіздің өміріңізді өзгертуге көмектеседі

Жаңалықтар
22.01.2024

«Tabris Holding group» ЖШС 2022 жылдың қыркүйегінде Сәтбаев қаласында құрылған. Компания инженерлік құрылыстар салумен айналысады.

Қазақстан Республикасында жаңа облыстың қалыптасуына байланысты аймақта коммерциялық жылжымайтын мүлікке деген сұраныс артты. Коммерциялық жылжымайтын мүлік көптеген компаниялар мен мемлекеттік органдар үшін қажеттілікке айналуда.

Өңірдегі сұранысты зерттеу келе ұлытаулық кәсіпкерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, ҚР Білім басқармасы және т.б. компанияларға жалға беру үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу идеясы келді.

Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 үй мекенжайында орналасқан жалға берілетін коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қоры жобаны субсидиялап, кепілдік берді.

«Табрис» бизнес орталығында 43 кеңсе және гараж бар. Бұл – жоғары жиілікті қуат, қосымша резерв қуат көздері, телекоммуникациялық мүмкіндіктері бар жоғары сапалы ғимарат.

Ұлытау облысы, Сәтбаев қ., Сәбит Мұқанов көш, 8 үй

тел.: +7 702 111 22 22

E-mail: tabris.holding.group@mail.ru