info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«АрАи» ЖШС: жарқын болашаққа бастайтын бизнес-идеялар

Жаңалықтар
13.02.2024

Ақсай қаласында құрылған «АрАи» ЖШС 2000 жылы өз қызметін тауарларды көтерме күйде жеткізуден бастап, автокөлікпен қызмет көрсету саласына дейін кеңейді.

Бүгінде «АрАи» ЖШС көптеген әлемдік және қазақстандық брендтердің дистрибьюторы. Дегенмен, компания басшылығы алдына зор мақсат қойып, 2005 жылдың басында Қазақстан бойынша үшінші және батыс өңірде бірінші болып, бір реттік ыдыс-аяқ шығаратын зауытты іске қосты. Сол жылдың көктемінде қағаз майлықтар шығаратын цех жұмыс істей бастады.

Компания мұнымен тоқтап қалмады. «АрАи» ЖШС-нің нағыз мақтанышы – 2007 жылдың жазында жұмыс істей бастаған алынбайтын қалыптар шығаратын цех. Бұл – толық автоматтандырылған Батыс Қазақстандағы алғашқы импорт жабдығы. Ол тәулігіне 850 дана өнім шығара алады.

Өнім ассортиментін кеңейту мақсатында «АрАи» ЖШС пластмасса бұйымдар (көбік пен алынбайтын қалыптар) өндіру үшін шикізат сатып алуға үшін «ForteBank»-ке жүгінді. Банк «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында жылына 6%-бен жеңіл несие берді.

Өнімдер көршілес Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында сұранысқа ие.

Компания болашақта қағаз майлықтар өндірісінің екінші желісін іске қосып, құрылыс технологиясы жағынан XXI ғасырдың технологиясы болып саналатын, Еуропада, АҚШ-та, Канадада сыналған және сапасы дәлелденген, сондай-ақ ТМД елдерінде зор сұранысқа ие болып отырған алынбайтын қалыптардың ассортименті мен компоненттерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

БҚО, Орал қаласы, А. Молдағұлова көшесі, 26;

Ақсай қаласы, Халықтар достығы көшесі, 6/2 үй

Тел.: + 7 (7112) 518 215; + 7 (71133) 3-25-35

сайт: www.ar-ai.kz