info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Атырауда мемлекеттің қолдауымен «Aikune» – сау омыртқа орталығы ашылды

Жаңалықтар
27.02.2024

Қазір халықтың көпшілігі компьютер, смартфонға үңіліп уақыт өткізетіндіктен мойын омыртқа тұсына түсетін салмақ көп. Бұл болашақта көбінесе омыртқа ауруларына әкеледі.

«Сауықтыру орталығын ашу жайлы идея омыртқада жарық пайда болған соң келді. Омыртқаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесу және халыққа сауықтыру қызметін ұсынуға түрткі болды»,- дейді кәсіпкер Гаухар Демешева.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында «Демешева Г» ЖК «Bereke Bank»-тен жылына 21,75%-бен сауықтыру орталығын ашу үшін несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайтын бөлігі 15,75%-ды құрады, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

Қазір «Aikune» сау омыртқа орталығы Атырау облысының тұрғындары арасында сұранысқа ие. Мұнда жұмыс істейтін кәсіби нұсқаушылар он күн ішінде омыртқаны қалпына келтіру үшін әр пациентпен жеке жұмыс істейді. Мұнда ересектер мен балаларда кездесетін еңкіштік пен сколиоз, омыртқа жарығы мен протрузияны емдейді.

Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 5G

+7 778 555 77 26

Инстаграм:@aikuncentre _atyrau