info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Надежда Нурлигенова: «Даму» Қорынан қолдау алған табысты жас кәсіпкер

Жаңалықтар
04.03.2024

Табысты жас кәсіпкер арулардың жарқын мысалының бірі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының тұрғыны Нурлигенова Надежда Сергеевнаны атауға болады.

Надежда Сергеевна кәсіпкерлік қызметін жүк тасымалдау саласында жалданып жұмыс істеуден бастаған. Алайда, ол өз қабілеті мен әлеуетіне көзі жеткен соң, осы салада өз бетінше қызмет жасауға шешім қабылдады. 2023 жылдың 16 қарашасында ол шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы ақпарат алу үшін «Даму» Қорына кеңес алу үшін жүгінді.

Кеңес алған соң, 2023 жылдың 30 қарашасында Надежда Сергеевна жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Өз бизнесін кеңейту үшін ол «Банк ЦентрКредит» АҚ тіркемесі бар КамАз сатып алуға несие беру алу үшін жүгінді.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында банк Надежда Сергеевнаға несиені мақұлдады. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 20,75% құрады. Бұл ретте кәсіпкер 7% төлейді, ал 13,75% айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Қазір Надежда Сергеевна әртүрлі бағытта жүк тасымалдаумен айналысады. Ол астық, құм, қиыршық тас, асфальт және басқа материалдар сияқты әртүрлі жүктерді үздіксіз жеткізуге мүмкіндік беретін қажетті техника сатып алды. Осылайша, ол тапсырыс беруші компанияға үшінші тарапты тартпай-ақ өз көлігімен қызмет көрсетеді.

Жас кәсіпкердің жоспарында құрылыс материалдары мен басқа да техниканы тасымалдау үшін тағы бір көлік, ұзын көлемді Камаз сатып алу бар. Ол сондай-ақ өз бизнесін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Нурлигенова Надежда кәсіпкерлік жолына батыл қадам басып, өз саласында табысқа жеткен жас әйелдің үлгісі. Оның тарихы көрсеткендей, батылдық, табандылық және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін қолдана білу бизнесте жоғары нәтижелерге әкелуі мүмкін.

СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Г. Мүсірепов көшесі, 5/А үйі.

+7 7052024768