info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сау тістер – ең тамаша сый

Жаңалықтар
06.03.2024

Ақылы медициналық қызметтер нарығында стоматология көш басында келеді. Бұл – медицина саласы үшін ең табысты болып саналады, ақылы емханалар кеңес заманында да болған. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар – табыстың негізгі факторларының бірі. Озық технологиялар мен жаңа жетістіктерді игеретін және енгізетін клиникалар бәсекелестері арасында айтарлықтай артықшылыққа ие болмақ.

«Стом плюс» ЖК 2016 жылдың мамыр айында тіркелді. Компанияның негізгі мақсаты – халыққа стоматологиялық қызмет көрсету. Директоры - Владислав Карякин стоматолог ретінде еңбек жолын студент кезінде «Бисса» стоматологиясынан бастады. 2021 жылы «АСК Мед» емханасында стоматология кабинетін жалға алды. 2022 жылы жеке тәжірибеге лицензия алып, ғимаратты жалға алды.

Қызметтің негізгі түрлері:

- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;

- Терапиялық стоматологиялық қызметтер;

- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер;

- Стоматологиялық бұйымдарды құю(тәждер, протездер);

- Стоматологиялық жұмыстар.

Жалға алынған бөлмеде жұмыс істегеннен кейін, тәжірибе жинап, клиенттер жинаған соң Владислав Карякин сол жалға алынған ғимаратты сатып алып, өзінің жекеменшік стоматологиясын ашуға шешім қабылдады.

Өз мақсаты мен арманын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредитке» жүгінді. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің мөлшерлемесі 21%--ды құрады. Оның сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидиялар. «Даму» қоры кепілдік те берді.

Шынайы бәсекелестік – пациент үшін бәсекелестік емес, өнім, дәрігер үшін бәсекелестік.

Клиниканың негізгі капиталы ғимарат, үй-жай, жабдық емес, дәрігерлер тобы және клиникаға осы дәрігерлердің ұсынысы бойынша келетін пациенттер легі.

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 46а/50а

Байланыс телефоны: +7 776 820 0201