info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ең жақсы сәттеріңізді The Forest жасайды

Жаңалықтар
07.03.2024

«Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан 30 шақырым жерде «The Forest» атты стильді және жайлы мейрамхана ашылды. Мұнда келушілер этника ноталары мен табиғи сұлулығы бар еуропалық тағамдар әлеміне еніп, орманның оңаша атмосферасында өнер туындысы ретінде жасалған әрбір тағамнан ләззат ала алады.

Мейрамхана 3 қабаттан тұрады: 0-қабат – орман көрінісі бар мейрамхана, 1-қабат – камин залы, 2-этаж - VIP караоке бөлмелері. Мейрамхананың ішкі көрінісі эко стилінде жасалған, мұнда табиғи материалдардан бірегей сәндік элементтерге дейін әрбір бөлшегі ойластырылған.

«The Forest» мейрамханасының басқарушы серіктесі Белей Виктор Григорьевич, кәсіби аспаздардың ең беделді халықаралық «Bocuse d'Or» (Алтын Бокюз) байқауының «Сала үздігі. Жыл аспазы» жүлдесін алған. Қазір Виктор Григорьевич бірегей тағамдардың технологияларын жасау және қызмет көрсету сапасын арттырумен айналысады.

Компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы негізгі құралдарды сатып алуға және мерамхананы ашуға «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауының арқасында кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 7%-ға дейін түсірілді.

Байланыс телефоны: 8 771 335 43 93

Мекен-жайы: ШҚО, Глубокий ауданы, Горная Ульбинка ауылы, Горная Ульбинка көшесі, 157

Instagram: @theforest