info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Magic Aqua Resort» Алакөлде жайлы демалыс

Жаңалықтар
12.03.2024

Алакөлдің батыс жағалауында орын тепкен Ақши және Көктұма ауылының аумағында көптеген демалыс орталықтары орналасқан. Бүгін біз Ақши кентіндегі көлдің сол жағалауында орналасқан «Magic Aqua Resort» қонақ үйі туралы айтып береміз.

«Magic Aqua Resort» ЖК Аязбаев Акат Мұхаметқарымұлы 2021 жылы тіркеді. Ақши ауылында жер учаскесі болғандықтан, кәсіпкерлікпен, атап айтқанда ішкі туризмді дамытумен айналысуға шешім қабылдады.

2022 жылы компания инвестиция үшін «Forte Bank» АҚ-дан несие алды. Жобаны «Даму» Қоры 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қолдап, нәтижесінде сыйақы мөлшерлемесі ішінара субсидияланып, кепілдік берілді.

«Magic Aqua Resort» қонақ үйі Ақши ауылындағы Алакөл көлінің сол жағалауынан 150 метр қашықтықта орналасқан. Мұнда кондиционері бар бөлмелер, Алакөлдің көркем жағалауларына қарайтын панорама терезелер бар. Тыныштық пен таза ауа, жайлы бөлмелер, мінсіз тәртіп, дәмді тағамдар мен жақсы қызмет, қонақжайлық пен ізгі ниет – келушілердің «Magic Aqua Resort»-та өткізген әр күнін жағымды етеді, денсаулықты нығайтуға және тіршілікті қалпына келтіруге көмектеседі.

Қазір қонақ үйде 34 бөлме, бөренеден қиып салынған үйлер, бассейн, ойын алаңы бар.

Инстаграм: @magic.aqua.resort

+7 705 888 77 37

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши кенті, 056-ж/т, 248-үй