info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Үйіңіздің сәнін кіргізетін жиһаз

Жаңалықтар
14.03.2024

Әлімғазиев Әділет Серікбекұлы кәсіпкерлік қызметін 2018 жылдан бері Семей қаласында «Qazanat» брендімен жиһаз шығарып келеді. Штатта 15 адам жұмыс істейді. Жиһаз цехында өндiрiстiң дизайн әзiрлеу мен материалдарды таңдаудан бастап бұйымдарды дайындау мен әрлеуге дейiнгі бүкiл процесi жүредi. Цех шеберлері әдемі, функционалды және ұзақ шыдас беретін жасауға ұмтылып, бар ынтасымен жұмыс істейді.

Кәсіп бастағалы бері кәсіпкер жалға алынған цехта жұмыс істеп келді. 2023 жылдың соңына қарай цех ғимараты мен жабдықтар сатып алу үшін «Банк ЦентрКредиттен» 21%-бен несие алды. АҚ-ға жүгінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында оның 8%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Кепілдік жетпеген кезде Қор кепілдігік берді.

«Жеке цех пен жабдықтар сатып алу жаңа жұмыс орындарын ашуға, пайданы арттыруға және өндірісті жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді»,-дейді компания басшысы.

Абай облысы, Семей қаласы, Аймауытов көшесі 103

Инстаграм: @qazanat_kz

Телефон: +7 708 225 67 93