info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жұмысшылар мен шахтерларды тасымалдауға арналған жайлы автобустар

Жаңалықтар
13.03.2024

«Steppe Logistics» ЖШС – 2023 жылдың ақпанында құрылған. Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компанияның негізін Өзбеков Асылбек Серікұлы құрған.

Автобус – қала іші, қалалар арасында жолаушыларды тұрақты, үздiксiз және қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз ететiн қоғамдық көлiктің бірі. «Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін, шахтерларды тасымалдау үшін аутсорсингтік компаниясы ретінде «Steppe Logistics» ЖШС таңдаған.

«Steppe Logistics» ЖШС «Даму» қоры және «Банк Центр Кредит» АҚ қолдауымен несиеге «Golden Gragon» маркалы 6 және «Yutong» маркалы 7 автобус сатып алды.

Тағы 3 автобус сатып алу жоспарда бар.

Автопарк кеңейген соң штат та ұлғаяды.

Компания Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында барлығы 15 бағыт бойынша қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Жолаушыларға арналған жайлылық пен сервистің арқасында «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері ыңғайлы автобустармен жұмысқа баратын болады.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 24/5