info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Smart Group» ЖШС – Қостанай облысындағы сэндвич-панельдер шығаратын жалғыз өндіруші

Жаңалықтар
29.03.2024

«Smart Group» ЖШС құрылыс материалдары нарығында 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Негізінен сэндвич панельдер, пенопласт, сондай-ақ металл плиткалар шығарады.

2023 жылы компания «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қорының қолдауына ие болды. Яғни, жылына 250 000-300 000 шаршы метр сэндвич-панель шығаратын автомат жабдық сатып алды. Жобаны жүзеге асыру үшін жетпеген қаражатты компания «ForteBank»-те.н алды. «Даму» Қоры несиенің пайызын субсидиялап, кепілдік берді.

«Бұл автомат желі жылына 250-300 000 ш. м, 25 000 ш. м. Өнім шығаруға мүмкіндік береді. Қазір компания 100% осы жабдықта жұмыс істеп жатыр. Өз өндірістік алаңдар, жоғары сапалы отандық және импорттық материалдар мен заманауи технологиялар бізге қолжетімді бағамен жоғары сапаға қол жеткізуге және тапсырыстарды дер кезінде орындауға мүмкіндік береді. Сэндвич панельдерін жасауға арналған материалдар коррозияға ұшырамайды. Полимерлі ұнтақ жабыны өнімді ылғал мен ауаның енуінен қорғайтын герметик пленка қызметін атқарады. Пайдалану мерзімі 30 жылдан 50 жылға дейін. Біздің өндіріс сапаны бақылаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, мүмкіндігінше автоматтандырылған. Бұл – бізге диллерлер мен сэндвич панельдерін жеткізушілермен салыстырғанда ең төменгі бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді», - дейді «Smart Group» ЖШС директоры Александр Кочуков.

Компанияның өндірілетін өніміне барлық қажетті сәйкестік сертификаттары бар.

«Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өз өндірісімізді кеңейтіп, жаңа заманауи жабдықтарды сатып алғанымызға өте қуаныштымын, өйткені біздің компания Қостанай облысының аумағында сэндвич панельдерінің көшбасшысы және жалғыз өндірушісі болып қала беруі тиіс», - дейді Александр Кочуков.

Қостанай қ., Орал к-сі, 37

Тіл: +7 776 290 00 09

Instagram: @smartgroupofficial

Сайт: www.smartgroupkst.kz