info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жетісу облысында ЖК«АЛИМА» мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
04.04.2024

«АЛИМА» ЖК басшысы Сейілханов Алпамыс Ақсұлтанұлы сумен жабдықтау және кәріз жүйелері үшін құбырлар салу саласында жұмыс істейді. Осы салада тәжірибесі бар кәсіпкер алдымен арнайы техника-тиегіш сатып алып іс бастаған.

Жүк тиегіш әртүрлі құрылыс салаларында, негізінен сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлар құрылысында, Жетісу облысының автожолдар құрылысында пайдаланылады. Қазір кәсіпкерге фронтал тиегіштер сатып алу қажет.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ға осы мақсатта жүгінген кәсіпкер инвестиция үшін несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасының бірінші бағыты аясында субсидиялап, кепілдік беріп қолдады.

«Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасауда. Мен жеке кәсіпкер ретінде «Даму» Қорынан кепілдік алдым. Соның арқасында ен арнайы техника сатып алуға мүмкіндігім болды», - дейді Алпамыс Ақсұлтанұлы.

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұлдыз ш/а. 18.

+7 7751981633