info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Әлемді көру – мың бақыт

Жаңалықтар
02.04.2024

1989 жылы Құсайынова Аян Аманжолқызы Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетін бітіріп, еңбек жолын офтальмология саласында бастады. Аян Аманжолқызы медицина саласында еңбек ете жүріп, тұрақты түрде алыс-жақын шетелдерде білім алу және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп отырды.

Бүгінде Аян Аманжолқызы 35 жылдық тәжірибесі бар офтальмолог дәрігер, офтальмохирург, «ЦЕНТР ЯСНОГО ЗРЕНИЯ» жеке офтальмологиялық клиника желісінің жетекшісі, сонымен қатар Өскемен қаласындағы «ASTANA VISION» ЖШС аурухана меңгерушісі болып жұмыс істейді, ШҚО-дағы 5 үздік офтальмолог дәрігерлерінің бірі болып табылады.

Аян Аманжолқызы кәсіпкерлікке 2021 жылы ресми түрде бет бұрып, Өскемен қаласында «ЦЕНТР ЯСНОГО ЗРЕНИЯ» кабинетін ашты. Алғашқы кезде кабинеттерді жалдап отырды.

Кейіннен «Даму» Қорының қолдауымен Есенберлин көшесінде орналасқан кабинетін сатып алды. Ол үшін «First Heartland Jusan Bank»-тен алған несиесін «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен субсидиялап, пайыздық мөлшерлемені 9%-ға дейін төмендетті.

Орталықта:

  • Көз ауруларын физиологиялық және лазерлік емдеу;

  • Балалардағы страбизмді, амблиопияны, аккомодация бұзылыстарын, астигматизмді, миопияны және алыстан көрмеуді аппараттық емдеу;

  • Түсті диагностикалау және түсті сүзгілерді қолдану арқылы түс терапиясы;

  • Көзілдірікті таңдау, балалар оптикасы қызметі бар.

Байланыс телефоны: 8 777 202 1373

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Есенберлин көшесі, 14

Instagram: centr.yasnogozreniya