info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматылық «Іsum» ЖК «Даму» Қорының қолдауын алды

Жаңалықтар
09.04.2024

«Іsum» ЖК 2009 жылдан бастап IZUM PRODUCTION STUDIO атты сауда белгісімен тоқыма бұйымдарының көптеген ассортиментін әзірлеп, өндіріп, сатумен айналысады. Оның ішінде спорттық және күнделікті қысы-жазы киетін киімдер, PR-компанияға арналған киімдер, спорт, туризм киім-кешектері кіреді. Өндірісте мамандар тапсырыс берушінің жеке қажеттіліктерін ескеретін түпнұсқа үлгілерді әзірлейді.   

Клиенттің өтініші бойынша әртүрлі тәсілмен тұтынушының бренді қолданылады. Компанияның артықшылығы деп білікті мамандар, жаңа тігін жабдықтары, полиграфиялық жабдықтар, кең ассортимент, өндірістің икемділігі, әрбір клиентке жеке көзқарасты атауға болады. Тапсырыстарды сапалы және уақытылы орындауды жұмыстағы басты ұстаным деп санайды.

Өз қызметін кеңейту үшін компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы инвестицияға несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылна 21,75%-дың 12,75%-ын құрайды. Қарыз қаражаты үй-жайларды сатып алуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.

«Іsum» ЖК аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Инстраграм: @izum_production

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Мамыр ы.а., Степная к-сі, 6

Байланыс телефондары : +7 701-555-88-41