info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Ulytau Mall» ірі сауда орталығы

Жаңалықтар
05.04.2024

«Ulytau Mall» сауда үйі Ұлытау өңірінің халқына жақсы таныс. Меншік иесі Инсебаев Абутали Өтеғалиұлы компаниясын 2002 жылдың қаңтарында тіркелген.

Осы жылдар бойы «Инсебаев А.У» ЖК әр түрлі бизнесппен айналысты. Оның ішінде қоғамдық тамақтандыру ісі мен қонақ үй бизнесін жақсы жолға қойды.

Республикамыздың ғана емес, одан тысқары жерлердегі де талай қалаларды аралаған Әбутәлі Өтеғалиұлы бір кезде туған жерінде сауда орталығы жоқ екенін байқап, осы істі қолға алуды ұйғарды. Осылайша, 2018 жылдың тамыз айында өз қаражатына жер телімін алып, «Ulytau Mall» сауда орталығын салды.

«Ulytau Mall» сауда үйін кеңейтіп, «Балапан» балалар ойын-сауық орталығы үшін қосымша ғимарат салар кезде компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қарыздың 7,13%-ын «Даму» Қоры субсидиялады.

Қазір мұндағы сауда алаңдары ірі компанияларға да, шағын бизнес сегменттеріне де жалға беріледі. Бүгінде «Ulytau Mall» халықтың уақыт пен демалыс өткізетін сүйікті орындардың бірі.

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы,

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108А көшесі.