info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Болашақ ұрпақ сенімді қолда

Жаңалықтар
10.04.2024

Мектепке дейінгі білім беру қызметтерін көрсететін «ZNAMUS» балаларды дамыту орталығы Атырау облысында кеңінен танымал.

Бастауыш сыныптардың мұғалімі, сауатты педагог, психолог, «Znamus» балалар клубының директоры Зейнеп Астраханцева бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып келеді. Соның арқасында бірнеше жекеменшік орталық ашуға мүмкіндік берді. Бүгінде қажырлы еңбегінің арқасында «Znamus» балалар клубы Атырауда үш филиалға дейін кеңейіп, 30-дан астам дипломды мамандарды жұмыспен қамтамасыз етті, мектепке сапалы дайындалған 1000-ға жуық түлек шықты.

«Біздің орталықтың ерекшелігі – орталық пен балабақшаны біріктіре алатынында. Мұнда балалар мектепке дайындалып, ұзартылған күн тобында болып, ағылшын тілін оқып, жасына сәйкес дамыту сабақтарын оқиды. Мұнда логопед те бар. Бұл – сал ауруы, Даун синдромы сияқты даму ерекшеліктері бар, сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс барысында ыңғайлы. Балалар күні бойы бес рет тамақтанады», - дейді кәсіпкер Зейнеп Астраханцева.

Атырау қаласында үш филиал іске қосылып, оның филиал бойынша қызметтер жалға берілетін үй-жайларда көрсетілді, компания үшінші филиалды меншікке сатып алу жөнінде шешім қабылдады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі «ZNAMUS» балаларды дамыту орталығы ЖК-ның жобасын «Қазақстан Халық банкі» АҚ қолдап, жылдық 19,5%-бен несие берді. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мемлекет оның 13,5%-ын субсидиялады. Ал кәсіпкер айырмашылықты төлейді.

«ZNAMUS» балаларды дамыту орталығы «Халық сүйіспеншілігі» байқауында Атырау қаласының үздік орталығы болып танылды.

Адрес: г. Атырау, ул. Жарбосынова, д.6

Телефон: +7 778 488 16 47

Инстаграм: @center_znamus_atyrau