info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Саламатты адамзат – бақытты болашақ

Жаңалықтар
11.04.2024

Көпсалалы медициналық орталық – ересектер мен балаларға диагностика жасап, емдеуге арналған медицина саласындағы тәжірибелі мамандар мен озық технологиялардың синтезі.

«REAMED» медициналық орталығы ЖШС – Ақтау қаласында балалар мен ересектерге медициналық қызмет көрсететін көпсалалы клиника. Клиника түрлі бағыттағы заманауи диагностика және ем жасау жабдықтарымен толық қамтылған.

Бүгінгі таңда «REAMED» — Ақтаудағы жекеменшік медицина орталығының жарқын өкілі, қаладағы ең ірі медициналық орталықтардың бірі. Клиника хирургия, офтальмология, терапия, кардиология, гинекология, ЛОР мүшелерінің патологиясы, неврология, эндокринология, гастроэнтерология, физиотерапия, рентгенология салаларында медициналық қызметтердің кең түрін ұсынады.

Медициналық орталықтағы барлық дәрігерлер Қазақстанның үздік медициналық орталықтарында білім алған және тағылымдамадан өткен жоғары дәрежелі кәсіби мамандар.

Медициналық орталық ашу мақсатында кәсіпкер Маңғыстау облысы бойынша «Bereke Bank»-тен несие алды. «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидиялады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру медициналық орталықты ашу үшін коммерциялық нысанды сатып алуға жұмсалды.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 5 ш/а, 46-ғимарат.

Instagram: @reamed.kz

+7 (771) 238 57 53