info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қазақстанда толыққанды өндірілген алғашқы жаңбырлатқыш машина

Жаңалықтар
10.04.2024

«SPACETIME» ЖК ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған дөңгелек үлгідегі спринклер жүйесінің отандық өндірушісі. «Su bereke» брендімен шығатын бұл құрылғы қазақстандық фермерлердің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді. Оның көмегімен кез-келген көлемдегі егістікті суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік бар.

Бұл қондырғы фермерлерге құрғақ жерлерге және су тапшылығына қарамастан өнімділік пен өнім сапасын арттыра отырып, су ресурстарын дәл және үнемді бөлуге мүмкіндік береді. Суару процесін автоматтандыру фермерлерге уақыт пен ресурстарды тиімдірек бөлуге мүмкіндік беру арқылы қол еңбегін азайтады. Жаңбырлатқыштар егістіктердің әртүрлі түрлері мен өлшемдеріне оңай бейімделеді, бұл оларды фермалардың кең ауқымына қолайлы етеді.

Компания егістіктерді суаруға арналған заманауи инженерлік шешімдерді ұсына отырып, ауыл шаруашылығында озық технологияларды енгізуде. Su bereke-толығымен Қазақстанда жасалған алғашқы суару машинасы. Ол өзінің дизайн бөлімімен жобаланған және іске асырылған. Қазіргі уақытта бұл өндіріс Қазақстандағы жалғыз шешім болып табылады.

«SPACETIME» ЖК компания қуатын арттыру және «ForteBank» АҚ арқылы жабдықтарды сатып алу үшін қарыз қаражатын алды. Сондай-ақ, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша «Даму» қорынан субсидиялау және кепілдік алды.

Адрес: Астана қаласы,Аксай көшесі, 9 құрылыс

Телефон: +7 (701) 197 49 19

Сайт: subereke.kz

Instagram: @subereke.kz