info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Павлодар қаласындағы «ФЕНИКС» жиһаз фабрикасы

Жаңалықтар
12.04.2024

«ФЕНИКС» жиһаз фабрикасы ЖШС 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Кәсіпкер Құдабаев Сапар кәсіпті жұмсақ жиһаз жасаудан бастады. Тәжірибе жинап, нарықта өзін мойындата отырып, мектепке арналған парта, орындықтар, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын жасауға үлкен тапсырыстар ала бастады. Сонымен қатар зертхана жиһазы, үстелдері, студенттерге арналған орындықтар, жұмсақ жиһаз, металл есіктер, кеңсе жиһаздарын шығарады.

Қызмет барысында:

- 5* Хилтон қонақ үйі Астана қ. (ЭКСПО);

-Семей және Өскемен қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектебі;

- Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (зертханалық жиһаз);

- Астана қ. халықаралық мектебі (НЗМ филиалы);

- Астана қаласының әлемдік деңгейдегі колледжі;

- Петропавл қ. оқушылар сарайы (it орталығы) ;

- Астана қ. КАЗГЮУ (аудиториялар мен жатақхана);

- Қалқаман ауылы ЖОББМ (Павлодар облысы);

- Казнаковка А. ЖОББМ (ШҚО);

- Астана қ. Еуразиялық гуманитарлық институты.

Жиһаз фабрикасында негізгі тапсырыс берушілер келесі компаниялар болып табылады:

- Назарбаев Зияткерлік мектебі;

- BI Group секілді ірі жобаларды жүзеге асырды.

«ФЕНИКС» жиһаз фабрикасы ЖШС қаладағы ірі бизнес орындарының бірі. Тапсырыстар саны бойы үзілмейді. Тауар бөлшек те, көтерме де саудаланады.

Кәсіпкер бизнесін кеңейтіп, ұлғайтуға шешім қабылдағап, жабдық сатып алу

үшін «ForteBank» АҚ-ға жүгінді. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие бойынша мөлшерлеме 20,75%-ды құрайды. Сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмашылығы – мемлекеттік субсидия.

Адрес: Павлодар қаласы, Ағайынды Дүйсембиновтер к-сі, 1/9 құрылыс

Байланыс телефоны: +7 777 644 45 65

Инстаграмм парақшасы: @feniks_pvl