info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

ALTYN TAGA – фермадан дүкенге дейін

Жаңалықтар
11.04.2024

ULTTYQ ÓNIM-2024 көрмесіне қатысатын компаниялардың бірі – «Алтын-Қазық компаниясы» ЖШС. 2006 жылы құрылған кәсіпорын «ALTYN TAGA» сауда маркасымен ет өңдеп, ет өнімдері мен шұжық өнімдерін шығарады. Атап айтқанда: салқындатылған және мұздатылған сиыр еті, қой еті, жылқы еті, құс етінен ысталған өнімдер, мұздатылған жартылай фабрикаттар, шұжық өнімдері, ет деликатестерін ұсынады. Кәсіпорынның өзінің бордақылау алаңы, сою цехы, өндіріске арналған ғимараттары бар.

«Алтын-Қазық» компаниясының барлық өнімі «Халал» сертификатты. Кәсіпорында сүрпі етті арнайы пакеттерге орауға мүмкіндік беретін технология енгізілген. Мұндай пакеттердегі етті тоңазытқышта 45 күн, ал сүйектіегі етті 21 күн сақтауға болады.

2019 жылы «Алтын-Қазық компаниясы» ет өнімдерінің тек 15 түрін шығарды және ҚР бойынша 12 дүкенге жеткізді. Қазір өнімдер Ресейге, Қытайға, Түркияға, Катарға экспортталады. 2022 жылдың жазында компания Сауд Арабиясына қой мен сиыр экспорттауға құқылы кәсіпорындар тізіліміне енгізілді.

Өткізу нарығы ұлғайғандықтан айналым капиталын толықтыру қажет болғанда 2022 жылы күзде компания «Еуразиялық банктен» несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.

Сондай-ақ, 2022 жылы «Алтын-Қазық компаниясы» «Іскер» сыйлығына ие болды. Ал 2023 жылы ҚР Президентінің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

Ақмола облысы, Қосшы қаласы, ш/а.15, құрылыс 1335

+7 777 051 35 27

info.buh1@mail.ru

@stolichnaya_trapeza, @_altyn_taga_