info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Балама» орталығы ерекше балаларға ерекше жағдай жасайды

Жаңалықтар
16.04.2024

Ерлі-зайыпты Жексеновтер Оралда ерекше балаларға арналған «Балама» атты түзету орталығын ашты.

Мейрамбек пен оның жұбайы Баянның мұндай орталық ашуы кездейсоқ емес еді. Өйткені олар да ерекше бала тәрбиелеп отыр. Неше түрлі емдеу әдістерін қолданып, басқа қалалар мен көршілес елдерде көп уақыт жұмсап, ақша төлеп, ғылыми дәлелденген терапия арқылы тамаша нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда: ABA терапиясы мен дене тәрбиесінің нәтижесі жақсы болды. Бұл бағдарлама мен спорт қималдары кешені психикалық немесе психо-сөйлеу дамуының кінараты, назар жетіспейтін, гиперактив және т.б. диагнозы бар балаларға арналған.

Мақсатына жету үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық банкінен» 21 пайызбен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие мөлшерлемесінің алты пайызын кәсіпкер төлейді, айырмашылығы – мемлекеттік субсидия. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік берді.

«Балама» орталығы дамуында ауытқу бар, мектеп жасына дейінгі балаларға көмектеседі. Ең бастысы – ерекше балалардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне көмектесу үшін бар күш-жігерін салады.

Мекен-жайы: БҚО, Орал қ-сы, Мұхит к-сі, 78/4

Телефоны: +7‒705-910-16-32

@aba.balama