info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сіздің денсаулығыңызға арналған сүт өнімдері

Жаңалықтар
26.04.2024

«Шығыс-Сүт» ЖШС 1999 жылы құрылған, оның құрамында Васильев май зауыты мен Украиндық балқытылған ірімшік өндіретін цех болған.

Кейінгі жылдары «Шығыс-Сүт» ЖШС Шығыс Қазасқтан бойынша сүт кластерінің жетекші компаниясына айналды. Өндіріс ауқымы өсіп, Самара мен Зырян сүт зауыты және Өскемен сүт комбинаты сатып алынды.

«Шығыс-Сүт Корпорациясы» ЖШС болып 2006 жылы қайта құрылды. Компания Қазақстандағы ірі сүт өндірушілерінің бірі. «Шығыс-Сүт» – ыңғайлы заманауи қаптамада жасалған, іріктелген сүт өнімдерінің 80-нен астам түрі және де Шығыс Қазақстан облысы бойынша, Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Ресейдің кейбір аймақтарына дейін жеткізіледі.

2010 жылы Өскемен сүт зауытын қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылды. Ұзақ мерзімді сақтауға арналған ультрапастерленген сүт өнімдерін шығару басталды және сүтті пэт-бөтелкелерге құю желісі іске қосылды.

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс-Сүт» Корпорациясының төрт жеке шаруашылығы бар. 2012 жылы Бобровка ауылында DeLaval швед компаниясының автоматтандырылған және роботтандырылған басқару жүйесі бар Орталық Азияда алғаш 400 басқа арналған заманауи сут-тауарлы фермасы ашылды.

«Шығыс-Сүт» Корпорациясы сүт өнімдерінің келесі түрін өндіреді: әр түрлі майлылығы бар қайнатылған сүт, ашытылған сүт өнімдері, бифидобактериялары бар ашытылған сүт сусындары, кілегей, сары май, ірімшік және ірімшіктен жасалған өнімдер.  Барлық өнімдер бекітілген технологиялық нұсқауларға және нормативтік құжаттамаға (МЕМСТ, ҚРСТ, ТТ) сәйкес дайындалады. Өндіріс кезінде тек табиғи шикізат пайдаланылады, өсімдік майлары қосылмайды.

«Шығыс-Сүт» Корпорациясы ЖШС бас директоры Сейлжан Сайлаубаевтың айтуынша - «Біз сүтті облыс бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан да, жеке сектордан да сатып аламыз. Күніне 60 тонна сүт өңделеді, оның ішінде 16-сы өзіміздің сүт фермаларынан жеткізіледі».

Компания облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға белсене қатысып, өз өнімдері көрмелер мен жәрмеңкелерде қояды, жыл сайын сапасы үшін дипломдар мен медальдармен марапатталады.

Бүгінде Корпорацияда 200-ден астам адам жұмыс істейді, олардың жұмысының нәтижесі күн сайын азық-түлік сөрелеріне жеткізіледі.

Компания «ForteBank» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыру мақсатына «Бизнестің жол картасы-2025» Бағдарламасы аясында несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 6% - ға дейін төмендетілді. 

Байланыс телефоны: 8 7232 411 112

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 10

Instagram: vostok.moloko