info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қорында Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Жаңалықтар
14.02.2018

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарма мүшелері кеңесінің отырысы нәтижесінде «Даму» Қорының Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Шешім бойынша, Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы Қордың жалғыз акционерінің өкілі ретінде сайланды. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов банк саласында он төрт жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Ұзақ мерзімді жобалық (инвестициялық) қаржыландыруды жүзеге асыруда және халықаралық инвестиция тарту бойынша жобаларды ұйымдастыру жүйесінде тәжірибесі мол. «Бәйтерек» холдингіне шақыру алғанға дейін Еуразия даму банкінде басқарушы директор, «Ситибанк Қазақстан» АҚ кіші вице-президент, «Каспий банк» АҚ Қаржылық институттар басқармасының басшысы, «HSBS Банк Қазақстан» АҚ-да лауазымды қызметтер атқарды. «Даму» қоры Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы мүшелері: Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Директорлар кеңесінің төрағасы Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ »АҚ Жалғыз акционерінің өкілі Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ»АҚ Жалғыз акционерінің өкілі. Ертлесова Жаннат Джургалиқызы - Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрайымы Жандосов Ораз Әлиұлы - Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет мүшесі Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы - тәуелсіз директор Сарқұлов Абай Серікұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, Қордың жалпы қызметін басқарады