info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тігіншіліктен той-сауық қызметіне дейін

Жаңалықтар
19.02.2018

Алматы облысындағы Үштөбе қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Мұнда ауыл шаруашылығынан бастап, өндіріс, сауда мен көптеген қызметтер көрсету салаларына дейін тіркелген. Әрине, мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіпкерлікті тиімді және сапалы дамытуға жағдай жасалып келеді.

Қала кәсіпкерлерінің бірі Людмила Цой өз бизнесін кеңейтуді шешіп, караоке-клуб ашты. Цой Людмила басқаратын «Қамқор» ЖШС  көп жылдардан бері сырт киім тігумен айналысады. Люмила серіктестіктің директоры әрі құрылтайшысы. Бірақ уақыт өте келе өндірістік ғимарат ішінен кәсіпкер жылдам тамақтану орнын ашты. Осы саланы зерттей келе туған қаласында ойын-сауық орындары аз деген тұжырымға келді.

 Осы оймен «Халық Банкіне» барып, аймақтық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде құрал-жабдықтар сатып алу және ғимаратты жөндеуге жылына 7%-бен несие алды.

-      «Мен тігіншілікпен ғана айналысып, осы салада ғана кәсіп жүргізіп, тоқтап қалғым келмеді. Әрине, мемлекеттік қолдаудың арқасында несиенің пайыздық жүктемесін әжептәуір жеңілдете алдым. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мен бірнеше рет несие алдым. Өз басым «Даму» Қорына алғыс айтамын», - дейді людмила Цой.

Жеңілдікті несиемен қатар «Қамқор» ЖШС «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды.

«Даму» Қорында егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.