info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Орал қаласында Монтессори орталығы ашылды

Жаңалықтар
30.03.2018

Орал қаласында «Даму» Қорының қолдауымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Радуга» атты Монтессори орталығы ашылды.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Малика Абдулова көптен бері М.Монтессоридің әдісімен баланың қабілетін дамыту орталығын ашуды армандайтын. Онда психолог кеңесі, когнитивтік процестерге диагностика жүргізіп, балалар психиатры, логопед және АВА терапиясы бойынша кеңес берілетін болады деп жоспарлаған. Осы арманымен, ол «Даму» қорына жолығып, құжаттарды жинау бойынша қолдау мен толық кеңес алған. Несие сомасының 85% мөлшерінде «Даму» Қорынан кепілдік алып, нәтижесінде «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы қаржы алды.

«Даму» қорының кепілдендіру құралы кәсіпкерге банкте несие алу үшін кепілзат жетіспеу мәселесін шешетін ерекше тетіктердің бірі.