info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қорының Алматы филиалы 2018 жылдың І тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
16.04.2018

       «Даму» Қорының Алматы қалалық аймақтық филиалы 2018 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылап, жұмыс нәтижесін көрсетті.
3 айдың ішінде 24 кепілдікке қол қойылды, кепілдіктің жалпы сомасы 339 млн теңгені құрады.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау жағынан бірақ жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған «Даму-Көмек» жобасы бойынша 4 кәсіпкер демеушілік қолдау алды.
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» осы уақыт аралығында 326 адам кеңес алып, 102 жоба бойынша банкке дейін кеңестік қызмет көрсетілді. Нәтижесінде олар мемлекеттен қаржылай қолдау алды.
Сондай-ақ, жақын арада Астана қаласында «Назарбаев Университет» жанындағы бизнестің жоғарғы мектебінде «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша 50 кәсіпкер оқуға барады.