info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Франчайзинг в экономике

Франчайзинг

Франчайзинг экономикасы

Франчайзинг дамыған экономикалар мен дамушы нарықтар үшін де өсудің мықты әсер ету күші болып саналады. Мұндай баға Дүниежүзілік Франчайзинг Кеңесінің қатысушылары 2011 жылдың сәуір айының соңында Берлинде  өткен бірлескен мәлімдемесінде  берілді. Кездесуге 32 ел өкілдері қатысты.

Берлинде қабылданған мәлімдемеде,  франчайзингтік кәсіпорындардың болашағы зор деген пікір айтылды. Олар Үндістан мен Қытай, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде: Филиппин, Сингапур, Малайзия және Орталық Азия секілді әлемдегі ең ірі экономикалардағы ұлттық табыс, еңбек нарығы мен инвестициялардың өсуін қолдайды деген болжам айтылды.

Ұлттық қауымдастықтардың жиналысында ұсынылған 2010 жылға арналған деректерге сәйкес, франчайзинг экономикалық қызметтің локомотиві болып қала береді, сондықтан әлемдік экономиканы нығайтудағы оның рөлін бағаламауға болмайды.

Кеңес мүшелері ұсынған мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та франчайзингтік компаниялар үлесінде 18 миллион жұмыс орны мен ұлттық экономиканың жалпы көлемі бойынша 2,1 трлн тұр.  

Қытайда франчайзинг секторы жалпы сату көлемінде 47,83 миллиард доллар және 825 мың жұмыс орны бар. Қытайдың Ұлттық Франчайзинг Қауымдастығы  алдағы бес жыл ішінде ұлттық және шетелдік брендтердің 10%-20%-ға өсуін күтуде. Ұлыбританияда франчайзингтік компаниялардың айналымы 2010 жылы 11,8 млрд. фунтқа жетіп, бұл салада 465 мың адам жұмыс істейді. Францияда олардың айналымы 48 миллиард еуро, Германияда 55 миллиард еуро, франшиза 463 мың неміске жұмыс  тауып беріп отыр.

Филиппинде 2010 жылы франчайзинг айналымы 9,45 млрд АҚШ долларын құрады, немесе бөлшек сауданың 30%-ы, саладағы қызметкерлердің саны бір миллионнан асты.

Қазақстанда қазіргі уақытта франчайзингтік желілердің айналымы туралы статистикалық деректер жоқ. «Қазақстандағы франчайзинг» кітабының авторы Б.Кисиковтың айтуынша, франчайзинг саласында 14 мың адам жұмыс істейді. франчайзингтік келісімдер шарттарымен құрылған барлық кәсіпорындар айналымы 500 млн. АҚШ долларын құрайды. Еліміздегі франчайзинг одағының келтірген мәліметі бойынша, франчайзингт бойынша жұмыс істеп тұрған 350 бренд бар, оның ішінде 30-ы отандық франшиза. Кәсіпкерлік саласында франчайзингтің үлесі 3,5% және франчайзингтік қатынастардың қарқынды дамуы байқалады.

Франшизалардың тізімі

Франшизалардың каталогы