info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Орал сүт зауыты» тек табиғи өнімдер шығарады

Жаңалықтар
29.04.2024

«Орал сүт зауыты» 2011 жылы Батыс Қазақстан облысында сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ретінде құрылды. Барлық өнімдер сәйкестік сертификаттары, сапа стандарттарына сай. Тұтынушылар тарапынан да сұраныс зор. Өте кең аумақты алып жатқан зауытта өндіріс цехы, құю цехы, дайын өнім қоймасымен біріктірілген орау және буып-түю цехы, сондай-ақ шикізат пен материалдарды сақтауға, зертханалық өлшеулер жүргізуге және басқа да ілеспе қызметке арналған қосалқы орындар бар. Мұндай өндірістік база зауытқа сүт өнімдерін өндірудің шикізатты сатып алудан бастап тұтынушылық және өнеркәсіптік қаптамада дайын өнімді шығаруға дейінгі барлық жүйесін дербес жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сүт өнімдері түрлерін кеңейту үшін «Орал сүт зауыты» ЖШС «Bank RBK»-дан 20,5%-бен несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында оның 8,25%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

«Орал сүт зауыты» ЖШС кәсіпорны «Зорькин луг» және «МолокоВо» сауда маркасымен сүт өндірумен айналысады. Қазір сүт өңдеу зауыты жылына 7 200 мың литр дайын өнім шығарады. Өндіріс екі автоматтандырылған желі, TФA (жұмсақ қаптамадағы сүт) және TБA (картон қаптамасындағы сүт) сүт өндіру желісі арқылы жұмыс істейді.

«Орал сүт зауыты» ЖШС

Орал қаласы, Гагарин көшесі, 4А

Тел. +7 (7112) 96 00 90