info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шай орталығы сапалы сусын ұсынады

Жаңалықтар
29.04.2019


Қазақстан – шайқорлар еліне жататындықтан, елде бұл өнімге сұраныс азаймайды. Қазақстандағы жетекші шай өндірушілердің бірі - «Шай Орталығы» компаниясы. Олар сусын үшін бірнеше өнім түрін ұсынады.

1.jpg

Компания Алматы облысының Қарасай ауданында 1998 жылдан бері орналасқан. Компанияның брендтері ішінде Кения, Үндістан, Цейлон, Қытайдан келген шайлардың қарапайым түрінен бастап, ауқатты жандарға арналған қымбат сұрыптары да бар.

Samovar.png
Бүгінгі күні компания «Даму» қорының Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға «Өндіріс-III» бағдарламасы бойынша 6 пайыздық мөлшерлемемен «Forte банк» арқылы қаржы алды.

Компанияның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әртүрлі жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысатын бірқатар еншілес компаниялары бар. Өнімдері Қазақстанның барлық аймақтарында, Қырғызстанда, сондай-ақ Ресейдің 18 қаласында (шекаралық қалаларда) сатылады. Жыл сайын «ULTTYQ UNNIM» көрмесіне қатысып тұрады.

https://teacenter.kz/